Мәзір
21 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Kaspi банкте шот ашуға тыйым салды»: танымал банк қызметкерінің жан-айқайы

«Kaspi банкте шот ашуға тыйым салды»: танымал банк қызметкерінің жан-айқайы

«Kaspi банкте шот ашуға тыйым салды»: танымал банк қызметкерінің жан-айқайы «Kaspi банкте шот ашуға тыйым салды»: танымал банк қызметкерінің жан-айқайы
ашық дереккөзі
Қазақстандағы танымал банктердің бірі қызметкерлеріне Kaspi қосымшасын қолдануға, бәсекелес банкте шот ашуға тыйым салған. Бұл туралы Qumash редакциясына банк қызметкерлерінің бірі хабарлаған, деп жазады taulik.kz.
«Қазақстандағы коммерциялық банктердің бірінде жұмыс істеймін. Мұнда бірінші жыл қызмет етіп тұрғаным жоқ. Банктың қызметкерлерге арналған талаптары бар, соның бірі – қандай жағдай болмасын бәсекелес Kaspi банктен карта ашпау. Тіпті, өз картаңыздан басқа картаға ақша аударудың өзі банктың ұстанған саясатын қолдамайтыныңызды білдіреді екен. Үстіндегі комиссия мен жұмыс істейтін банкке пайда әкелген күннің өзінде солай болады. Қысқаша айтқанда, дәл осы бақытсыз картаңыз болса, банктың патриоты емессіз деген сөз. Сізді халық жауынан да төмен көреді. Қызметкерлердің көбі басқа банкте шоттары бар екенін номерлерін ауыстырып қана жасырып жүр. Мысалыға, бір жұмысшыны «патриот» болмағаны үшін жұмыстан шығарып жіберді. Ол қанша жалынса да, «сөгіс жариялаңыздаршы» десе де, оған құлақ аспады. Мүмкін бұны еңбек департаменті тексеретін болар» - деп жазды хат авторы.
Оның айтуынша, Kaspi банктен карта ашпау туралы ешқандай құжатта жазылмаған. Бұл басшылықтың ауызша айтқан талабы көрінеді.
«Кейінгі айда видеоотчет сұрайтын болды. Яғни каспи терминалға барып, ЖСН номерімізді жазып, терминалдан «бұл банкте шоты жоқ» деген жазуды көрсетуіміз керек. Одан бөлек шотты жапқаныңыз туралы анықтама апаруға да болады. Басшылыққа видео жіберуге осы жұмаға дейін уақыт берілді. Бірақ маған бүгін қоңырау шалып, аузына келгенін айтты», - деп жазды ол.
 width=

Апта талқысында: