logo
search
menu

Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле бастайды

Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле бастайды
22 желтоқсан, 2022
Келесі жылдан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле бастайды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    2023 жылдан бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын тексере бастайды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Қазақстандықтардың мобильді аударымдары 2023 жылдан бастап тексеріле бастайды.
    «Белгілі бір критерий бар. Бұл айына 100 немесе одан да көп аударым, бұл жағдай үш ай қатарынан қайталанса, бұл мәліметтер бізге келе бастайды», - деді МКК төрағасы Данияр Жаналинов.
    Оның айтуынша, бірінші кезең 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайларына қатысты басталады. Екінші кезеңде, 2024 жылы квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері қосылады. Үшінші  кезең 2025 жылы  жеке кәсіпкерлер бойынша деректер берілетін болады, ал соңғы кезең 2026 жылы аяқталады, ол кезде тексерулер Қазақстанның барлық азаматтары бойынша жүзеге асырылатын болады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы