Мәзір
22 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақ тілі ат төбеліндей ғана журналистерге керек пе?

Қазақ тілі ат төбеліндей ғана журналистерге керек пе?

Қазақ тілі ат төбеліндей ғана журналистерге керек пе? Қазақ тілі ат төбеліндей ғана журналистерге керек пе?
ашық дереккөзі
Журналист Айбын Шағалақов еліміздегі кинотеатрлар желісі мен қазақ тіліне байланысты қоғамдық ұйымдардың жұмысын сынға алды, деп жазады taulik.kz.
«Кинотеатрлар желісі істеп отырған қиямпұрыс қысастыққа неге біздің қоғамдық бірлестіктер мен қаптаған патриоттық жастар ұйымдары қарсы шығып, заңды талап қоймайды? Әншейінде Көк Туымызды желбіретіп түрлі патриоттық флешмоб ұйымдастырып жататын жастар қайда? Бар ғой, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, «Аманат» бастаған партиялар мен олардың жастар қанаты сынды құрылымдар. Университеттердегі студенттік ұйымдар ше? Ең ақыр аяғында Халықаралық Қазақ тілі қоғамы неге үнсіз? Тіл үшін болатын майданның алғы шебінде осы ұйым жүруге тиіс емес пе? Әлде бұл ұйымның міндеті «Қазақша дубляжға қолдау көрсету үшін... тойға барғандай жаппай ағылып барайық» деген постер бөлісумен аяқтала ма? Тым құрығанда, бір ұйым белсенділік танытып, ашық талап қойса, кинотеатр басшылары да ойланады ғой. Министрлік айтса, талап етсе, «мемлекеттік орган бизнеске, нарыққа араласып жатыр» деп байбалам салып құтылар. Ал артында қарақұрым халық тұрғанын көрсететін қоғамдық ұйымдар талап етсе, есін жияды. Ендігісінде елмен санасатын болады», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Апта талқысында: