Прокуратура «Өнер Қырандары» театрына тексеріс жүргізіп жатыр
«24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында «Өнер қырандарының» «Харекет қорына 5 жыл» атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген», – делінген хабарламада.Республика сарайының әкімшілігі сонымен бірге қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Айта кетейік, бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған «Жаңа жылдық шоу» өткізіледі деп жоспарланған.