Мәзір
23 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Павлодарда 8-қабаттан құлаған оқушы жансақтау бөліміне түсті

Павлодарда 8-қабаттан құлаған оқушы жансақтау бөліміне түсті

Павлодарда 8-қабаттан құлаған оқушы жансақтау бөліміне түсті Павлодарда 8-қабаттан құлаған оқушы жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі
Ақ халаттылар 8-қабаттағы терезеден құлаған павлодарлық оқушының жағдайын айтты, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ол жансақтау бөлімінде.
"Зардап шегушінің миы ауыр жарақат алып, мидың ісінуі, жұлынның зақымдануы байқалды, сондай-ақ дене бірнеше жерден сынды. Қыз екінші дәрежелі травматикалық шок алды. Гемодинамика жасанды аппараттан кейін тұрақтандырылды", – делінген ведомствосында.
Сондай-ақ мектеп оқушысына төменгі жақтың ашық сынуы, ішкі органдардың көгеруі диагнозы қойылған. Еске салайық, 22 желтоқсанда жасөспірім қыз Павлодардағы 8-қабатта терезеден құлап кеткені хабарланды. Полиция істі тергеуде.

Апта талқысында: