logo
search
menu

Алматыда Тоқаев қатысатын шараға Азаттық тілшілерін жібермеді

Алматыда Тоқаев қатысатын шараға Азаттық тілшілерін жібермеді
23 желтоқсан, 2022
Алматыда Тоқаев қатысатын шараға Азаттық тілшілерін жібермеді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    23 желтоқсанда таңертең Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылып, оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қатысатыны хабарланған. Жұма күні таңертең Азаттық тілшілері Республика алаңына барғанда қауіпсіздік қызметінің өкілдері ол жаққа өткізбеді, деп хабарлайды taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Айналада полиция қызметкерлері жүр. Алаңға бірнеше автобуспен адамдар әкелінген. Арасында бюджет қызметкерлері де бар. Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді. Шараның өтетіні жайлы ақпарат құралдарына хабарланбады, аккредитация мәселесі де алдын ала айтылған жоқ. (Ақпарат толықтырылады).
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы