logo
search
menu

Шұғыл: Шенеуніктердің шетелдік шотынан 530 млрд теңге қаржы табылды

Шұғыл: Шенеуніктердің шетелдік шотынан 530 млрд теңге қаржы табылды
23 желтоқсан, 2022
Шұғыл: Шенеуніктердің шетелдік шотынан 530 млрд теңге қаржы табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ел шенеуніктері мен олардың жұбайларының шетелдік банктерде шамамен 530 млрд теңге қаржысы бар, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 
    Мәселен, 2021 жылғы 31 желтоқсанға:
    • 354 қазақстандық 59 елдің шетелдік банктерінде 529 млрд теңге сақтайды. Ең көп сома БАӘ, Сингапур, Швейцарияға тиесілі;
    • 377 жеке тұлға Қазақстаннан тыс жерде 466 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады. Нысандар 25 мемлекетте тіркелген. Елдер бойынша ең көп саны Ресейге, АҚШ-қа, БАӘ-ге, Түркияға тиесілі;
    • 124 қазақстандық 24 елде тіркелген бағалы қағаздар туралы мәлімет берді.
    Бұл активтердің ең көп саны АҚШ, Ресей, Ұлыбританияға тиесілі. МКК есепте салық кезеңі үшін алынған кірістерді, салық шегерімдерін, бағалы қағаздарды, шетелдік банктердегі ақшаны, мүлікті сатып алуды немесе иеліктен шығаруды, дебиторлық/кредиторлық берешекті, Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті көрсету қажет екенін еске салды. Осы декларацияда осы активтерді сатып алуға арналған қаражат көздерін көрсету қажет.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы