Мәзір
23 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

TikTok-та өз пәнін насихаттаған мұғалімдерге iPhone табысталды

TikTok-та өз пәнін насихаттаған мұғалімдерге iPhone табысталды

TikTok-та өз пәнін насихаттаған мұғалімдерге iPhone табысталды TikTok-та өз пәнін насихаттаған мұғалімдерге iPhone табысталды
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады, деп хабарлайды taulik.kz. Мұғалімдерге бағалы сыйлықтар, атап айтқанда, iPhone 13 Pro Max смартфондары, таланттарды дамыту бағдарламасына шақыру табысталды.
«Сіздер интернет беттерінде қазақ тілінде білім беру контентін жасап, оны насихаттап жүрсіздер. Біз үшін білім саласын танымал ету, оны дамыту маңызды. Елімізде әлеуметтік желіні пайдаланатын мұғалімдер көп, соның арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар онлайн форматта жаңа білім ала алады. Жетекші TikTok платформасының өкілдері ұстаздарымыздың бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастырып жатқаны қуантады. Бұл - Tiktok платформасында білім беру мазмұнын бірлесіп ілгерілетуге қосымша ынталандыру», - деді Аймағамбетов.

Апта талқысында: