logo
search
menu

БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкім жазаланбайтын болды

БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкім жазаланбайтын болды
23 желтоқсан, 2022
БҚО-да қызметкерлерді боқтаған әкім жазаланбайтын болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінде Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановқа қатысты тәртіптік іс жабылды, деп хабарлайды taulik.kz. Бұған дейін аудан басшысының қызметкерлерге 1,5 сағат бойы балағат сөз айтқанын хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға қызметтік тергеу жүргізу кезінде желіде тарап кеткен аудионың 2022 жылдың 3 сәуірінде жазылғаны анықталды.
    «Қызметтік тергеу материалдарын қарау қорытындысы бойынша уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы Бәйтерек ауданы әкімі М.Л.Тоғжановтың тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактісін анықтады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты Тоғжановқа қатысты тәртіптік іс тоқтатылды», – делінген департамент хабарламасында.
    Ведомствода «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 45-бабына сәйкес тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылатынын және теріс қылық жасалған күннен бастап жарты жылдан кешіктірілмей қолданылуға тиіс екенін түсіндірді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы