Мәзір
26 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді: Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз

Мұхтар Тілеуберді: Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз

Мұхтар Тілеуберді: Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз Мұхтар Тілеуберді: Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
«Біз Ресейге қарсы санкцияларға қосылмаймыз. Бірақ республика экономикасын әртүрлі кәсіпорындардың шектеу шараларын айналып өтуі үшін де пайдаланбайды деген қағиданы ұстанамыз», – деді ол.
Бұл ретте Ресей мен Қазақстанды тығыз экономикалық қатынастар байланыстырады. Сондықтан Мұхтар Тілеуберді Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізбей қоймайтынын түсіндірді. Еліміздің Мәскеумен де, Киевпен де достық қарым-қатынаста екенін еске салды.
«Ресей мен Украина – Қазақстанның сонау тарихтан бері достары. Президент Тоқаев екі елдің көшбасшыларымен үнемі байланыста болып, олардың өзара бейбітшілікке келуіне шақырады», – деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Апта талқысында: