Мәзір
26 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Неге оның құқығы қорғалуы керек?»: Мейіржан Төребаевтың жұбайы Козачков туралы

«Неге оның құқығы қорғалуы керек?»: Мейіржан Төребаевтың жұбайы Козачков туралы

«Неге оның құқығы қорғалуы керек?»: Мейіржан Төребаевтың жұбайы Козачков туралы «Неге оның құқығы қорғалуы керек?»: Мейіржан Төребаевтың жұбайы Козачков туралы
ашық дереккөзі
Журналист Михаил Козачковтың құқығын қорғауға арналған баспасөз мәслихатында қаржы пирамидасына қатысы бар деп тұтқындалған Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева спикерлерді сауалдың астына алды. Тағы бірнеше адамның жағадан алған сұрақтарына жауап бере алмаған модератор баспасөз жиынын аяқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Жақындарымыз жазбаларының кесірінен зардап шекті деген бірнеше адам журналист құқығын қорғауға қарсы шықты.
«Неге оның құқығы қорғалуы керек? Менің күйеуім сотталар алдында қайда болдыңыздар? Оның құқығы ше?» – деді сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі Ольга Әбдіғаппарова.
Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева да Козачков таратқан жазбалардың кесірінен күйеуі жазықсыз жауапкершілікке тартылғанын айтты.
«Еш қатысы жоқ күйеуім туралы 22 пост жазып, оған қылмыстық істі артты», – деп қосты Дана Есеева.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис баспасөз мәслихаты біреудің жарияланымдарына баға беру немесе қылмыстық істің барысына ықпал ету үшін ұйымдастырылмағанын түсіндірді. Журналистің конституциялық құқықтарының бұзылғанын хабарлау үшін өткізілгенін айтты. Алайда жұртшылық спикерлерді сауалдың астына алып, жауап беруге мүмкіндік бермеді. Модератор брифингті аяқтауға мәжбүр болды. Біраздан кейін Козачков екі айға қамауға алынды.

Апта талқысында: