Мәзір
27 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ең керемет сыйлық - HUAWEI Mate 50 Pro

Ең керемет сыйлық - HUAWEI Mate 50 Pro

Ең керемет сыйлық - HUAWEI Mate 50 Pro Ең керемет сыйлық - HUAWEI Mate 50 Pro
ашық дереккөзі
Қараша айының ортасында Қазақстанда Huawei компаниясы HUAWEI Mate50 және HUAWEI Mate50 Pro флагмандық смартфондарының сатылымға шығарды,-деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агентігі. Жаңа смартфондардың үздігі саналатын модель Kunlun Glass әйнегімен жабдықталған. Huawei компаниясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, ол стандартты әйнектен 10 есе берік. Бұл әйнек смартфонның алдыңғы бетін де, артқы жағын да қорғайды. Әйнектің қорғаныс қабілетін дәлелдеу үшін Huawei смартфонмен бірнеше сынақтар жасалынған. Смартфонмен жаңғақтар шағылды, асфальтқа лақтырылды және арнайы жаяу жүргіншілер жолына тасталды. Барлық жағдайда ұялы байланыстың әйнегінде сызат қалмады. Өнеркәсіп саласында қолданылатын әйнек панельдердің көпшілігінде шыны бетінде сыртқы күштерге ішінара ғана төтеп бере алатын химиялық қатаю бар. Жоғары температурадағы тұзды ваннада бұл әйнек бетіндегі үлкен иондарды кішігірім иондармен алмастырылып, мықты қабат пайда болады. Дегенмен, әйнектің құрылымдық беріктігінің шегі бар. Сыртқы күштер белгілі бір нүктеге жеткенде мықты қабат зақымдалады, бұл ақырында әйнекті сындыратын ішкі сызаттарға әкеп соғады. Стандартты әйнек панельдің мықты қабатының қалыңдығы қазіргі уақытта шамамен 150 микронды құрайды және тек үлкенірек мықты қабат оны одан әрі күшейте алады.  width=             width= Huawei инженерлерінің қосымша қабаттарды қосуға мүмкіндігі болмағандықтан олар темірбетон құрылыс сипаттамаларына қарап ізденді.  Мықты қабатты қосқаннан кейін әдеттегі ғимараттардың жүк көтергіш қабырғалары беті зақымдалған болса да тұрақты құрылымды сақтауға қабілетті. Осылайша, Kunlun Glass бар HUAWEI Mate50 Pro әйнек құлауынан қорғайтын 5 жұлдызды SGS сертификатын алған алғашқы смартфон болды. Бұл смартфонның экранын сындыратын шеберлер бар екені сөзсіз. Бірақ енді оларға бұл түсініксіз мақсатқа жету үшін әлдеқайда көп уақыт қажет болады. Қарапайым пайдаланушылар Huawei флагманын сатып алғанда ең жоғары мүмкіндіктері бар смартфон және күнделікті тапсырмалар үшін өте берік және стильді байланыс телефоны ретінде қолдана алады. Kunlun Glass бар HUAWEI Mate50 Pro сізге және сіздің жақындарыңызға керемет сыйлық болатыны сөзсіз. Жоғары сапалы камераның арқасында сіз Жаңа жылдық мерекелердің ең жарқын сәттерін естелікке түсіре аласыз!

Апта талқысында: