Мәзір
28 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Мамай прокурорға: Қаңтар оқиғасы кезінде Сағынтаев қайда болды?

Мамай прокурорға: Қаңтар оқиғасы кезінде Сағынтаев қайда болды?

Мамай прокурорға: Қаңтар оқиғасы кезінде Сағынтаев қайда болды? Мамай прокурорға: Қаңтар оқиғасы кезінде Сағынтаев қайда болды?
ашық дереккөзі
Алматыда тіркелмеген Демпартияның көшбасшысы Жанболат Мамайға қатысты Бостандық ауданының №2 сотының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Жанболат Мамайдың айтуынша, 27 желтоқсандағы отырыста Демпартия белсенділері Нұрбол Қасымбеков пен Гүлнар Мирмамбетова куәгерлер ретінде тыңдалған.
«Олар қаңтар айында көргендері туралы ашық айтты – Жанболат оны полиция алып кетер алдында адамдарды «Алматы Арена» маңында бейбіт акция өткізуге шақырғанын және ол кредиттік рақымшылық туралы жалған ақпарат таратпағанын», – делінген Мамайдың әлеуметтік желідегі парақшаларында.
Белсендінің айтуынша, прокурор Еркін Баймағамбетов куәгерлерге қысым көрсетуге тырысқан, оған жауап ретінде Демпартия жетекшісі мемлекеттік айыптаушыға сұрақ қойған:
«Ол кезде Алматы әкімі Сағынтаев қайда болған? Неліктен сіз оған бұл сұрақты қоймадыңыз?».
Сот екі тарапты да шыдамдылық танытуға шақырды. Келесі отырыс 2023 жылдың 6 қаңтарында өтеді. Бұл күні қалған куәгерлер тыңдалады. Мамайдың өзінен 10 қаңтардағы отырыста жауап алынбақ.

Апта талқысында: