Мәзір
28 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау берілді

Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау берілді

Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау берілді Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау берілді
ашық дереккөзі

Жетінші шақырылған Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында мақұлданған жаңа ауданның атауы «Нұра» болып бекітілді, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 желтоқсанда Астана қаласы ономастикасының кезекті отырысы өтті. Онда елорда өміріндегі маңызды мәселелердің бірі – жаңа ауданның атын қою және бірнеше құрамдас бөліктерге ат беру мәселесі талқыланған.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, қаламызда бесінші аудан құру мәселесі біраздан бері көтерілді. Бұлжөнінде қаладағы зиялы қауыммен, аға буынменақылдастық, еліміздің тарихына, жер-су географиясына қатысты мәліметті қарастырдық. Соңында екі негізгі ұсынысты ономастика комиссиясының күн тәрбітіне алып шықтық. Соңында Нұра атауы таңдалды», - деді Қалалықтілдерді дамыту және архив ісі басқармасыныңбасшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында.

Жаңа ауданға қатысты екінші ұсынысҚараөткелатауы болған. Бұл жөнінде лингвистер қазақ тілі ғылымында екі дауысты дыбыстың қатар келуі дұрыс емес деп сын айтты.

«НұраАқмола облысы аумағындағы өзен, ұзындығы мың шақырымға жуықтайды, екі жүздейсаласы бар, Қарқаралы тауынан басталып, Қорғалжындағы Теңіз көліне келіп құяды. Нұратарихымыз бен географиямыздағы маңыздыөзендердің бірі, Есіл мен Нұра «қос өзен» деп те аталған. Осы бір символдық мәнді қарастырып, солжағалауда Қабанбай батыр даңғылы мен Есілдің біржағында Нұра ауданы болса, егіз ұғым боладыдеген тоқтамға келдік. Жалпы қос өзен мәдениетіелімізде ғана емес, әлемде бар – Ефрат пен Тигр, Еділ мен Жайық, Сырдария мен Әмудария, Шу мен Таластың ортасында Қазақ хандығы құрылғанынбілесіздер. Осы себепті Нұра мен Есілді қатарқойдық», - деді Сәкен Есіркеп.

Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты мақұлданды және құжат Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияға жіберілді.

Апта талқысында: