logo
search
menu

Екібастұзда тағы бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды (ВИДЕО)

Екібастұзда тағы бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды (ВИДЕО)
28 желтоқсан, 2022
Екібастұзда тағы бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Екібастұзда бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды taulik.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Бұған жылу жүйесіндегі ақаулар себеп болған.
    «Жылу таратушы компания мамандары 28-ші желтоқсанда жерасты қондырғысындағы ақауларды жою үшін Шешембеков атындағы көшеде орамішілік жылу желісін өшіреді. Осыған орай көшенің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту уақытша тоқтатылады», - делінген «Екібастұз-теплоэнерго» ЖШС-нің хабарламасында.
    Сонымен қатар Абай көшесіндегі жеке тұрғын үйлерде бүгін кешке дейін дейін жылу болмайды. Құбырларды алмастыруға байланысты Сейфуллин көшесінің бойындағы кейбір жекемеменшік тұрғын үйлерде жылу өшіріледі. Еске сала кетсек, Екібастұзда болған коммуналдық апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=jlqrOnch39Y
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы