Мәзір
28 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Михаил Козачковтың қамау мерзімі өзгеріссіз қалды

Михаил Козачковтың қамау мерзімі өзгеріссіз қалды

Михаил Козачковтың қамау мерзімі өзгеріссіз қалды Михаил Козачковтың қамау мерзімі өзгеріссіз қалды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық соты журналист Михаил Козачков адвокаттарының қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының бұлтартпау шарасын санкциялау туралы шешіміне қатысты жеке шағымдарын қарады.
«Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Михаил Козачковқа қатысты екі ай мерзімге (2023 жылдың 18 ақпанына дейін) қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды, жеке шағымдар қанағаттандырылмады. Шешім заңды күшіне енді», - деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты басқа да мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан жария етуге жатпайтыны атап өтілді. Еске салайық, 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған болатын. Ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобымен байланысы бар деген күдікке ілінген.

Апта талқысында: