Ақтөбе облысында мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты деп хабарлайды taulik.kz.
Полиция мәліметінше, 28 желтоқсан кешкі уақытта Ақтөбе-Астрахань автожолында ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші реттік жолдан шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлікке жол бермей, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.