Мәзір
29 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Тоқаев: «Жастарды жұмыспен қамту керек»

Тоқаев: «Жастарды жұмыспен қамту керек»

Тоқаев: «Жастарды жұмыспен қамту керек» Тоқаев: «Жастарды жұмыспен қамту керек»
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Сенатында сөйлеген сөзінде жастарды жұмыспен қамту керек екенін айтты. Ол сондай-ақ денсаулық пен білім саласына да назар аудару қажет деді. «Халықтың әл-ауқатын арттыру және елге инвестиция тарту қиынға соғады. Сондай-ақ, жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу керек. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде  кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керек. Бұл – өңірлік саясаттағы негізгі міндеттің бірі», деді - мемлекет басшысы. Президент үкімет алдында тұрған маңызды міндет инфляцияны ауыздықтау деп мәлімдеді. «Біз экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал, ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен Үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес», - деді Тоқаев.

Апта талқысында: