Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
29 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Жетісу облысында оқушыны жүкті еткен сарбаз туралы тың мәлімет шықты

Жетісу облысында оқушыны жүкті еткен сарбаз туралы тың мәлімет шықты

Жетісу облысында оқушыны жүкті еткен сарбаз туралы тың мәлімет шықты
ашық дереккөзі
Жетісу облысында оқушыны екіқабат қылған жігіт 74261 әскери бөлімнің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысып, бірнеше рет кездесіп жүрген. Аяғы ауыр болып қалған қыз Панфилов ауданына қарасты Лесновка ауылындағы орта мектептің оқушысы болып шықты. Ал шекаралық  аймақтағы әскери бөлім Қорғаныс министрлігіне қарайды. Аудан әкімдігінің ақпаратынша, шекаралық аймақтың қауіпсіздігіне жауапты әскери бөлім биыл ғана ашылған.
«Оқушы 2008 жылы туған. Ал қамауға алынған әскери қызметкер 1999 жылы туған, отбасылы, бір баланың әкесі. Оқушы қызбен әлеуметтік желі арқылы танысып, бұған дейін де кездесіп жүрген. Әскери қызметкер қазір қамауда, істі Сарыөзек әскери гарнизонының әскери полициясы тергеп жатыр»,–  деді Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ал Қорғаныс министрлігі жаға ұстатар жайтқа байланысты кейінірек ресми мәлімет тарататынын хабарлады.