Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қанат Мусин 1966 жылы Целиноград қ (Астана) туған. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмандаған.
1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы;
1986-1989 жылдары «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты;
1989-1998 жылдары Целиноград қаласы, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, тергеуші, бөлім басшысы, Астана қаласы прокурорының орынбасары;
1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары;
2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары;
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің 2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары;
2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы;
ҚР Жоғарғы Сотының судьясы (10.06.2021ж);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (14.06.2021-01.2022);
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрі болған.