Мәзір
30 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері пәтер қанша пайызға қымбаттады?

Қазақстанда жыл басынан бері пәтер қанша пайызға қымбаттады?

Қазақстанда жыл басынан бері пәтер қанша пайызға қымбаттады? Қазақстанда жыл басынан бері пәтер қанша пайызға қымбаттады?
ашық дереккөзі
Кейінгі 10 айда Қазақстанның мониторинг жүргізілетін барлық қаласында пәтер қымбаттады, деп хабарлайды Taulik.kz Krisha.kz-ге сілтеме жасап. Орташа алғанда баға 10%-ға өскен. Қаңтар айымен салыстырғанда баға өскен үш қала: - Семей: +19,3%, 1 шаршы метрге 357 625 теңге; -  Ақтөбе: +17,2%, 283 025 теңге; - Павлодар: +12,3%, 368 300 теңге. Көптеген қалада өсім сәуірде басталды, оған наурыздағы теңге бағамының ауытқуы, ақпан айының соңындағы Ұлттық банктің базалық бағамының көтерілуі және геосаяси оқиғалар себеп болған. Республикалық маңызы бар қалаларда орташа көрсеткіш: - Астанада: +7,6%, 483,2 мың; - Алматы: +9,6%, 686,6 мың; - Шымкент: +10,9%, 425,8 мың. Орташа бағаның төмендеуі тек Талдықорған қаласында (-2%) болған. Бұл қалада бір шаршы метр – 310 575 теңге.

Апта талқысында: