Мәзір
30 желтоқсан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

БҰҰ жаңа пандемияға дайын болу керектігін айтты

БҰҰ жаңа пандемияға дайын болу керектігін айтты

БҰҰ жаңа пандемияға дайын болу керектігін айтты БҰҰ жаңа пандемияға дайын болу керектігін айтты
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясынан сабақ алып, болашақта осындай төтенше жағдайларға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Коронавирус пандемиясы 6,7 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Ауруды 664 миллион адам жұқтырды. Көптеген елдердің экономикасы құлдырады. Дүниежүзінде қаржылық шығын 1 триллион долларға жетті. Әсіресе, кедей және дамушы елдер қиын жағдайда қалды.
COVID -19 – адамзат тап болатын соңғы эпидемия немесе пандемия емес. Халықаралық қауымдастық ретінде біз COVID-19-дың ащы сабақтарын ұмытпауымыз керек және пандемияға дайындық пен онымен күресуге үлкен қаражат салуымыз керек, – деді ол.
Халықаралық ұйым төрағасы жекелеген елдер індетпен күресе алмайтынын, сондықтан бүкіл әлем біртұтас күш ретінде әрекет етуі керектігін атап өтті.
«Барлық елдердің вакциналарды, емдеу-диагностикалық құралдары мен маңызды технологияларды бірдей пайдаланудын қамтамасыз ету керек», – деді Антониу Гутерриш.

Апта талқысында: