logo
search
menu

Электронды темекіні қолдану харам ба?

Электронды темекіні қолдану харам ба?
30 желтоқсан, 2022
Электронды темекіні қолдану харам ба?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы электронды темекіні қолдануға байланысты үкім шығарды.
    "Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі. Электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам. Оны қолдануға болмайды", -деп үкім шығарды.
      Айта кетейік, Гонконг Баптист университетінің мамандары жаңадан шыққан бұл құрылғыны мұқият тексеруден өткізген. Сапалы жұмыс жасаған зерттеушілер арқасында электронды темекі құрамында формальдегид, полициклдік хош иісті көмірсутек, белгілі канцерогендер бары расталған. Электронды шылым сұйықтығының құрамынан гармондар қызметіне кедергі келтіретін қауіпті заттар табылған.  
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы