logo
search
menu

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы ашық өтіп жатыр

Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы ашық өтіп жатыр
30 желтоқсан, 2022
Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы ашық өтіп жатыр
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды taulik.kz. Астана қаласы сотының хабарлауынша, сот отырысы ашық режимде Сарыарқа ауданы №2 аудандық сотында өтіп жатыр. 2022 жылдың желтоқсанында Қаржы мониторингі агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді. Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша Қайрат Боранбаев қамауға алынды. 2022 жылдың қыркүйегінде Қаржы мониторингі агенттігі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды және ақшаны жылыстатты деген күдікке ілінген Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты істің тергеуін аяқтады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы