logo
search
menu

Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды

Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды
30 желтоқсан, 2022
Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Opel Vectra көлігі жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды. Бұл жағдай 30 желтоқсан күні сағат 5:30-да Шымкенттің Құрсай шағын ауданында болды, деп хабарлайды taulik.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қысымы жоғары газ құбырына соғылды. Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы») әкімшілік хаттама толтырды. Материалдар сотқа жіберіледі. Көлік жүргізушісінен газ мекемесіне келтірілген материалдық шығын өндіріледі.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы