«Неге қашамын?»: Боранбаев қалай ұсталғанын айтты

«Неге қашамын?»: Боранбаев қалай ұсталғанын айтты

ашық дереккөзі

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев қалай ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Ол өзінің елден қашуға оқталған кезде ұсталғанын жоққа шығарды.

Бұл жалған ақпарат. Мені сағат 5-те қамауға алды. Сол күні кездесулер өткізіп, әдеттегі күн тәртібім бойынша жұмыс істедім. Иә, түнде ұшуға тиіс едім, - деді Боранбаев сотта.

Кәсіпкер Қазақстаннан қашу туралы мүлдем ойламағанын атап өтті.

Елден неге қашамын? Осында дүниеге келдім, ер жеттім. Әкем осында жерленген. Анам осында, бизнесім де осы жерде. Қайда қашамын?, - деді ол.

Астананың Сарыарқа аудандық сотында Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзаққа қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Loading...