Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
5 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Украинаға қарсы соғысқан Ресей сотталушылары рақымшылыққа ілінді

Украинаға қарсы соғысқан Ресей сотталушылары рақымшылыққа ілінді

Украинаға қарсы соғысқан Ресей сотталушылары рақымшылыққа ілінді
ашық дереккөзі

Ресейде Украинаға қарсы өз еркімен соғысқан сотталушылардың алғашқы легі рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар жарты жылдық келісімшартпен «Вагнер» тобының құрамында соғысқан. Рақымшылыққа іліккен алғашқы лекте 20 шақты бұрынғы сотталушы бар. Олар әскери қызмет кезінде жалақы алған. Жарақат алғандарына өтемақы төленген.

«Вагнер» тобының жетекшісі, кәсіпкер және олигарх Евгений Пригожин рақымшылыққа іліккендермен әңгіме барысында Углегорск жылу электр орталығы ауданында көз жұмған әскериді мысалға келтірген.

Жасы 52-де, өмірінің 30 жылын түрмеде өткізген. Соғыста ерлікпен көз жұмды, – дейді Пригожин.

Қаруластарының айтуынша, ол артқа шегінер жолдың жабық болуы себепті, украиналық 4 әскеримен бірге өзін-өзі гранатамен жарып жіберген.

Пригожин қоғам мұндай адамдардың «ұлттық мүдде үшін соғысқанына» алғыс айтуы керек деп есептейді.