Сағыз ауылында футболдан жолдастық кездесу пышақ төбелесімен аяқталып, 22 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Taulik.kz caspiannews.kz сайтына сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, ойын барысында жігіттер арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Салдарынан бір адам ауруханаға жатқызылса, екіншісі, әскерден жақында оралған 22 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапқан.
Қылмыс жасады деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Оған қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр