Мәзір
6 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Көкшетаудағы пәтерде құбырдан аққан ыстық судан үш әйел күйіп қаза тапқан

Көкшетаудағы пәтерде құбырдан аққан ыстық судан үш әйел күйіп қаза тапқан

Көкшетаудағы пәтерде құбырдан аққан ыстық судан үш әйел күйіп қаза тапқан Көкшетаудағы пәтерде құбырдан аққан ыстық судан үш әйел күйіп қаза тапқан
ашық дереккөзі
Көкшетауда жылу жүйесі жарылған пәтерден үш әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Taulik.kz «Голос народа-ға» сілтеме жасап. Полицияға хабарлама 2 қаңтар күні сағат 04:44-те түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен. Олар пәтердегі жылу құбырында жарылғанын, соның салдарынан бөлмені ыстық су басып кеткенін анықтады. Пәтер іштен құлыптаулы болды. ТЖБ жедел-құтқару жұмыстарын жүргізіп, пәтерге кедергісіз кіруді қамтамасыз етті. «Полицейлердің тексеруі кезінде 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің мәйіті табылды: үй иесі мен оның екі досы. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік шалуы себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаны алғаш болып көршілер байқаған. Олар пәтерден ыстық су ағып, тіпті аяқ киімін де күйдіріп алғанын айтқан. Осыдан кейін үй тұрғындары полиция мен құтқарушыларды шақырған.

Апта талқысында: