Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есе арттыру жоспары барын айтты. «2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есеге арттыру жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап келесі кезеңде де осындай өсім болады, сондықтан бюджетте қаржыландырудың қажетті көлемін қарастыру маңызды. Біз гранттардың құнын біртіндеп арттырамыз. Жоғары оқу орындарының шәкіртақысы мен профессорлық-оқытушылар құрамының жалақысын сапалы түрде арттырамыз», - деді Нұрбек ЕҰУ-де министрлік алқасында. Сондай-ақ ол барлық студенттерге әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты. "Coursera корпорациясымен келісімге қол қойылды. 16 қаңтарда біз қаржыландырудың бірінші кезеңіне өтіп жатырмыз. Сондықтан биылдың өзінде қазақ тіліне, орыс тіліне аударылған алғашқы Coursera курстары біздің университеттерге қолжетімді болады. Бұл ресурсты дұрыс пайдалану қажет, ең бастысы – мұғалімдеріміздің осы курстарды өздері дамыта алатындай біліктілігін арттыруға кірісу», - деді ол.
Loading...