Әлем чемпионатының қола жүлдегері Джанлука Виалли қайтыс болды.
Атақты итальян шабуылшысы ұйқы безінің қатерлі ісігімен күресіп, 58 жасында дүниеден өтті.
The Sun-ның хабарлауынша, Виалли 2020 жылы толық сауығып кеткен, бірақ ауру бір жылдан кейін қайта өршіген.
Өткен айда Виалли Италия құрамасының жаттықтырушысы қызметінен кетуге мәжбүр болды. Желтоқсан айының соңында оның денсаулығы нашарлаған.
Виалли Чемпиондар лигасын, УЕФА кубогын және Кубок иегерлері кубогын жеңіп алған сегіз ойыншының бірі ретінде тарихқа енген. Ол мұны үш түрлі клубпен ұтқан жалғыз футболшы.
Итальян шабуылшысы «Ювентус» пен «Челсиде» доп тепті. Италия құрамасымен Виалли 1990 жылғы әлем чемпионатының және 1988 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдегері атанған.