Маңғыстау облысында жоғалған Жәния Абдуллаева үш айдан астам уақыт бойы табылмай жатыр, - деп хабарлайды Taulik.kz inaktau.kz сайтына сілтеме жасап. Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек әйел жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды. Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда, бүгінге дейін шаралар нәтиже бермеді. 2 қаңтарда ол 28 жасқа толды. Анасын үйде үш баласы күтіп отыр. Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетін адамдардан +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз.
Loading...