logo
search
menu

Ақтауда жанармай құйылған цистерна жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтауда жанармай құйылған цистерна жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті
9 қаңтар, 2023
Ақтауда жанармай құйылған цистерна жарылып, екі адам жансақтау бөліміне түсті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Дәулет ауылында орналасқан «BBJ GROUP» ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай тиелген вагон цистерна жарылып, өртеніп кеткен. Салдарынан екі адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Өрт толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді ТЖД.
    Облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлерінің айтуынша, жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. 1989 жылы туған жәбірленуші басы, беті және мойынының термиялық күйігін алған, екі қолының 15% күйген. Екінші зардап шеккен азамат 1981 жылы туылған бас сүйек-ми жарақатын алған, денесінде үшінші дәрежелі термиялық күйіктері бар екен.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы