logo
search
menu

Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған

Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған
9 қаңтар, 2023
Түркістан облысының шенеунігінен кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Шымкентте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түркістан облысының шенеунігінен қомақты ақша бопсалаған кәсіпкерді ұстады, – деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Шымкент қаласы мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы ПД-не арызданған. Шенеуніктің сөзінше іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп жеке кәсіпкер 50 млн теңге бопсалаған. Аталған жайтты жедел уәкілдер ҚР ҚК-нің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша тіркеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Оны полицейлер 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Оның 40 млн теңгесі жалған ақша болып шықты. Күдікті қазіргі таңда қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің бұған дейін осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру шараларын жүргізуде.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы