БҚО-да көліктен үш жігіттің және қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды taulik.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қаңтар күні сағат 10:30 шамасында Зачаганск кентінің «Сартау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында автокөліктен 4 мәйіт табылды (2006 жылы туған қыз және 2 кәмелетке толмаған бала, сондай ақ 2004 жылы туған азамат)», - делінген хабарламада.Өлімнің алдын ала себебі – көміртегі тотығынан улану.