Астанада яндекс курьері 3 млн теңгенің тауарын ұрлаған
«26 жастағы күдікті тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкенге тауар алуға барған. Бірақ клиентке жеткізбей, өзі иеленіп келген. Алданған тұрғындар курьердің телефонына хабарласа алмаған. Ол ұялы телефон, ноутбук, сымсыз құлаққап сияқты бірнеше құрылғыларды да ұрлап отырған», - деді ІІМ өкілі.Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алаяқтың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталуы мүмкін.