Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz.
Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода үш вагонның рельстен шығып кеткені көрсетілген.
Кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы вагондардың рельстен шығып кетуі 8 қаңтар күні кешкі сағат 19:50 шамасында Шымкент пен Арыс арасындағы Манкент стансасында болғанын хабарлады.
"Жүк пойызында вагондар рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Вагондардың рельстен шығуы басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.