logo
search
menu

Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды

Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды
9 қаңтар, 2023
Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырау облысында 5 адам табиғи газдан уланды, деп хабарлайды Taulik.kz Атырау облысы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 9 қаңтар күні сағат 07:30 Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жедел-жәрдем қызметінен тұрғындардың табиғи газдан улануы бойынша хабарлама келіп түскен.
    «Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан газ кету салдарынан  табиғи газдан уланып, жедел-жәрдем қызметімен  облыстық балалар ауруханасына жеткізілгендігін анықтады», - делінген хабарламада.
    Қазіргі таңда балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілді.  Енді уланудың себебі анықталып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы