logo
search
menu
Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды
ашық дереккөзі

Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды

Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды Шымкентте үйінен ер адамның өлі денесі табылды, – деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ге сілтеме жасап. 7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.​ Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын, 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады. Алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.