Қазақстанда қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айтқандар (ұсақ бұзақылық) үшін айыппұл 4 есеге өседі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті департаменті басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев айтты. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқа да осыған ұқсас құрметсіздікті білдіретін әрекеттер ұсақ бұзақылық, қоғамдық тәртіп пен жеке адамдардың тыныштығын бұзу деп танылады», - деді Күрімбаев брифингте. Оның айтуынша, қазір ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындайды. Жаңа заңға сәйкес айыппұл 20 АЕК – 69 мың теңгені құрап, 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалады. Түзетулер алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күнне соң күшіне енеді. Президент түзетулерге 2023 жылдың 3 қаңтарында қол қойды.
Loading...