Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машанов бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген фастфуд мейрамханалары желісінің жаңа атауына қатысты пікір білдірді.
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сотта үзіліс кезінде журналистер Машановқа сұрақ қойды.
"Қазір біз жергілікті брендті дамытып жатырмыз. Біздің ендігі міндетіміз - мейрамханалардың жұмысын жаңа брендпен қалпына келтіру. Мүмкін қазір брендсі де жұмыс бастай береміз. Кейінірек - жаңа бренд атауы қойылады. Өйткені біз екі мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етіп отырмыз. Олардың жалақысы төлей береміз", - деді Машанов.
Ол жаңа атаудың әлі табылмағанын айтты. Қазір бұл мәселе бойынша компания мамандарды жұмыс істеп жатыр.
"Ресейдің «Вкусно и Точка» брендінің бізге еш қатысы жоқ", - деді ол.
Қаңтардың 5-і күні «Food Solutions KZ» ЖШС басқаратын фаст-фуд мейрамханалары желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald's брендімен жұмысын тоқтатқаны белгілі болды.