Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Жылу жоқ»: Ақтауда балабақшадағы сәбилер бүрсең қағып отыр

«Жылу жоқ»: Ақтауда балабақшадағы сәбилер бүрсең қағып отыр

«Жылу жоқ»: Ақтауда балабақшадағы сәбилер бүрсең қағып отыр
ашық дереккөзі
Ақтауда бүрсең қаққан сәбилер балабақшада бірнеше қабат қабатта киіммен жүруге мәжбүр, деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 
"Балабақшада екі айдан бері жылу жоқ. 12 шағынауданындағы №40 тұрғын үйдің тұрғындары жылыту үшін қуатты сорғы қойды, барлық жылу сонда кетеді. Сондай-ақ, балабақша директорының айтуынша, олар дәліздердегі жылу топтарға түсу үшін көтергіштерді ауыстырған. Біз балаларды қабат-қабат киіндіруге мәжбүрміз, балабақша суық болғандықтан жиі ауырады. Бақша  кондиционерлермен және жылытқыштармен жылытылады, алайда жылу барлық топтарға жете бермейді. Басшылық сорғы сатып алмақ. Бірақ бұл мәселені шеше ме, жоқ па –  белгісіз. Дереу шаралар қабылдануы керек, өйткені мектеп жасына дейінгі балалар бүрсең қағып отыр. Ал сорғы қашан орнатылатыны беймәлім", - деді ата-аналар.
Балабақша директоры Ольга Ергизованың айтуынша, балабақшада ауа температурасы – 18-22 градус, яғни Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай.
"Балабақшаны жылытуда проблема жоқ. Барлық топтарда жылу бар. Бұл жалған ақпарат, бақшада екі ай бойы жылу болмады деген ақылға сыймайды. Жалғыз нәрсе, кеше, 9 қаңтарда, демалыс күндерінен кейін жатын бөлмелердің бірінде ауа температурасы төмендеді. Біз бірден жылытқыштарды қосып, апаттық бригаданы шақырдық. Олар жылу жүйесінде айналымды реттеді", - деді Ольга Ергизова.
Басшылық мәліметінше, жылу жүйесінің айналымын жақсарту үшін жер үсті сорғысын орнатуға дайындық жүріп жатыр.