Қазақстанда академик-зейнеткерлерге өмір бойы стипендия төленеді
Қазақстанда академик-зейнеткерлерге өмір бойы стипендия төленеді
10 қаңтар, 2023

Мазмұны
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы өмір бойы шәкіртақы мөлшері белгіленді,-деп хабарлайды taulik.kz ақпарат агенттігі qazaqstantv ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Стипендия мөлшері - 60 АЕК (207 000 теңге).
Шәкіртақыны үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына құжаттарды өткізу арқылы ала алады.
Академик қайтыс болған жағдайда, хабар-ошарсыз кетсе, Ұлттық ғылым академиясының құрамынан шықса және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан жағдайда стипендияны беру тоқтатылады.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы