Мәзір
11 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Талдықорғандағы мектеп оқушысы кешірім сұрады

Талдықорғандағы мектеп оқушысы кешірім сұрады

Талдықорғандағы мектеп оқушысы кешірім сұрады Талдықорғандағы мектеп оқушысы кешірім сұрады
ашық дереккөзі
Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан видеоның авторы атанған бойжеткен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Taulik.kz Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Полицейлердің айтуынша, видеоның кәмелетке толмаған авторы Алматыда тұрады, ол оқу орындарының бірінде оқиды. Оқушы қыздар жанжалға тікелей қатыспаған, тек видеоны өз парақшасында жариялаған.
«Сонымен қатар әлеуметтік желіде әдепсіз сөздермен бейнехабарлама жариялаған қыз ҚР ҚК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша жауапкершілікке тартылып, оның ата-анасы ҚР ҚК 127-бабына сәйкес жазаланатынын хабарлаймыз», - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде мектеп оқушысын құрбылары соққыға жыққан видео тараған болатын. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталған . Барлығы да кәмелетке толмағандар, облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы түрлі оқу орындарында білім алады. Қақтығыстың себебі анықталып жатыр. Жәбірленуші арыз беруден, полицияға барудан үзілді-кесілді бас тарқан.

Апта талқысында: