Мәзір
11 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Биыл қандай қызметкерлердің жалақысы өседі?

Биыл қандай қызметкерлердің жалақысы өседі?

Биыл қандай қызметкерлердің жалақысы өседі? Биыл қандай қызметкерлердің жалақысы өседі?
ашық дереккөзі
2023 жылы бухгалтерлердің, экономистердің, заңгерлердің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, мұражайшылардың, орманшылардың, техникалық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел игілігінің берік іргетасы» деген тапсырмаларын орындау мақсатында биыл да жалақыны кезең-кезеңімен өсіру жалғасын табады. Жалақыны көтеру есепші, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы, мұражайшы, орманшы, техникалық қызметкерлер және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіге әсер етеді. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы екі есеге өседі.

Апта талқысында: