World Population Review порталының сарапшылары 100 мың адамға шаққандағы қылмыс саны бойынша әлемдегі ең қауіпті елдердің рейтингін жасады, - деп хабарлайды Тaulik.kz. Зерттеушілердің пікірінше, рейтингтің алғашқы үштігінде Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Оңтүстік Африка елдері тұр. Тізімдегі орын неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қылмыстық ахуал жоғарылайды. Алдыңғы қатардағы елдердің қылмыс көрсеткіші – 83,76, 80,79 және 76,86.
53,77 индексімен Қазақстан 40-орынға жайғасты. Көрші Қырғызстан 31-орында (56,87), Өзбекстан 99 (33,42), Қытай 108 (30,14), Ресей 86 -орында (39,99) .Рейтингті 136 елдің ішінде Тайвань, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар қорытындылады. Бұл елдерде қылмыс деңгейі ең төмен. Зерттеу авторлары қылмыс деңгейі әр елде айтарлықтай өзгеретінін және көптеген факторға байланысты екенін атап өтеді. Мысалы, кедейлік пен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі елдегі қылмыс деңгейін арттырады. Керісінше, полицияның қатаң бақылауы мен қатаң үкімдер қылмыс деңгейін төмендетеді.