Мәзір
11 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруды сұрады

Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруды сұрады

Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруды сұрады Депутат Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтаруды сұрады
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеу мұражайында сақталғанын айтып, оларды Қазақстанға қайтаруға шақырды.
"Қазіргі таңда Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық мұражайда уақытша сақтаулы. 2021 жылы Қазақстаннан арнайы келген мамандар ханның бас сүйегі мен мылтығын зерттеді.  Тарихи-антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінде мылтық 100 пайыз, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегімен 90 пайыздан астам бірдей екені анықталды», - деді депутат.
Ол Кенесары ханның мерейтойын ескере отырып, бас сүйек пен мылтық елге қайтарылуы керек деп есептейді.
«Кенесары ханның туғанына 220 жыл және хан бастаған көтерілістің 185 жылдығын ескере отырып, сондай-ақ елімізде тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында, Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын», - деді депутат премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған өтінішінде.
Ол ханның сүйегі Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленіп, мылтықты Ұлттық музейге тапсыруды ұсынды. «Бұл шара ел рухын көтеруге, патриотизмді нығайтуға және ел астанасында туризмді дамытуға септігін тигізері сөзсіз», - деді Бақытбек Смағұл.

Апта талқысында: