Мәзір
12 қаңтар, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Алматыда аяз: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда аяз: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда аяз: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады Алматыда аяз: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады
ашық дереккөзі
Қатты аязға байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан көшеге ұзақ сапарға шықпау керек екенін ескертті. Синоптиктердің мәліметінше, 12-16 қаңтар аралығында ауа температурасының күрт төмендеуі минус 25 градусқа дейін жетеді деп күтілуде, бұл Алматы үшін қауіпті метеорологиялық құбылыс.
"Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауды сұрайды. Көшеге ұзақ сапарға, қала сыртына шықпау, дене температурасының төмендеуіне жол бермеу, көшеге шыққанда жылы киіну керек, " делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Бұл ретте департамент тарапынан мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ақпараттық хабарламалар жіберілді. Алматыда 12 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 аяз.

Апта талқысында: