logo
search
menu
Қызылордада жанжал атыспен аяқталды
ашық дереккөзі

Қызылордада жанжал атыспен аяқталды

Қызылордада жанжал атыспен аяқталды 10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған, деп хабарлайды Taulik.kz polisia.kz-ге сілтеме жасап. Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.