Жазда Түркістаның көтерме базарында 21 жастағы әйелді екі жігіт зорлаған. Бұл туралы журналист Dina Tansari жазды, деп хабарлайды Taulik.kz .
Оның бірі әйелді зорласа, екіншісі есікті жауып тұрған. Әйел есінен танып қалған. Олар болған оқиғаны видео мен фотоға түсіріп әйелді күйеуің мен туыстарыңа айтамыз деп қорқытқан. Ақша бопсалаған. Нәтижесінде осы уақытқа дейін 10 миллион теңге алған. Әйел бұл ақшаларды Барахолка базарында кәсібім бар деп туыстарын алдап, олардан қарызға ақша алған.
Бір күні күйеуі олардың әңгімесін естіп қойып, әйелдің телефонын тарьып алып сындырып тастаған. Сөйтіп барлық дәлелдерді жойған.
Қазір әйел жүктілігінің жетінші айында, денсаулығында ақау бар, әкесімен бірге тұрады, қарызға ақша алған туыстары қысымынан қашып алыс ауылды паналауға мәжбүр.
Әкесі WhatsApp-тан барлық бейнелер мен фотоларды аламын деген үмітпен SIM картасын сақтап отыр, бірақ қай маманға хабарласу керегін білмейді!
Әйел мұның қалай болғанын айтып, адамдарға ақшаны қайтаруға, өзінің жақсы атын қайтаруға БАҚ пен барлық ток-шоуларға шығуға дайын!